21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №214 

657 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
2015 жылғы 17 сәуір, Астана қаласы «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік және жоғары білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік және жоғары білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. СӘРІНЖІПОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі ________________ Досаев Е.А. «____»____________2015 жыл. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №214 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік және жоғары білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік және жоғары білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 60. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу-әдістемелік құралдарды сараптамадан өткізуге қабылдау, оның ішінде электронды тасымалдағышта қабылдау ағымдағы жылғы қаңтар мен мамыр аралығындағы кезеңде мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім деңгейлері үшін, қаңтар мен қыркүйек аралығында техникалық және кәсiптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейлері үшін ұйымдастырылады; 2) құжаттарды тапсыруы үшін күту уақытының барынша ұзақтығы – 15 минут; 3) қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 15 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына берілген сараптамалық қорытынды болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны жеке және занды тұлғаларға: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны жеке және занды тұлғаларға тегін (бұдан әрі - қызметті алушы). 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: 1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету қарастырылмаған. 9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 2) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік білім берудің оқулық басылымының 3 (үш) данасы немесе электронды оқулық, оқу-әдістемелік кешен және оқу-әдістемелік құрал үшін бумадағы CD/DVD-диск; 3) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік білім берудің оқулық басылымына түсіндірме жазба; 4) мына: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру пәндері бойынша педагог-практиктің, әдіскердің, тиісті (аралас) бейіндегі ғалымның немесе ғылыми ұйымның, жұмыс берушінің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секцияның 3 (үш) рецензиясы; 5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқулық басылымдары үшін оқу-әдістемелік бірлестіктің шешімінен үзінді; 6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқулық басылымдары үшін Ғылыми кеңестің шешімінен үзінді; 7) электронды оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және оқу-әдістемелік құралдар үшін орнату нұсқаулығы мен пайдалануға арналған еркін нысандағы нұсқаулық. Құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген қолхатты беруі, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі мен күні құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызметінің 12 тармақшасында көрсетілген шағым жазбаша түрде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы қол қойылатын шағымында: 1) жеке тұлғалар – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі; 2) заңды тұлға - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызмет көрсету орынның мекенжайы Министрліктің www.edu.gov.kz,. интернет-ресурсында орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие. 14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-23-98, 8 (7172) 74-21-14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптік және жоғары білім берудің оқулық басылымдары бойынша авторларға және авторлар ұжымына сараптамалық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 Қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасына кімнен________________________ аты-жөні мекенжайы:____________________ телефоны: _____________________ Өтініш __________________ баспасы (авторы/авторлар ұжымы, әзірлеуші) әзірлеген ______________________________________________________ аталымдағы білім беру деңгейіне арналған оқу әдебиеттерін сараптамаға қабылдауыңызды және оқу әдебиеттерінің электрондық нұсқасының жалпы жұртшылыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін уәкілетті органнның www.edu.gov.kz, интернет-ресурсына орналастыруыңызды сұраймын. Өтінішке қосымша төмендегі құжаттар беріледі: 1. қосымшадағы кестеде көрсетілген әдебиеттер тізімі; 2. пікірлер; 3. түсіндірме жазба (мектепке дейінгі, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлері үшін); 4. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу басылымдары үшін – Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік шешімінен үзінді; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу басылымдары үшін – Ғылыми кеңес шешімінен үзінді; 5. оқу басылымдарының (оқулық, ОӘК, ОӘҚ, ЭҚ немесе электрондық оқу әдебиеттері үшін CD/DVD-диск) соңғы тұтынушыға арнап оралған 3 данасы (сонымен бірге электрондық нұсқалары); 6. оқулықтың PDF-форматтағы электрондық нұсқасы. Басшының/ өтініш берушінің қолы Өтінішке кесте № Атауы Басылым түрі (оқулық, ОӘК, ОӘҚ) Әзірлеу түрі (баспа, электронды) Қайта басылған /жаңадан әзірленген Авторлар Білім беру деңгейі (сынып/курс) Әзірлеу тілі Қабылдаған: Аты-жөні ____________________ (қолы) «_____» _____________ 20___ жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11252 болып енгізілді.